Түркия Қазақстанға коронавируспен күресте көмек берді

Түркия Қазақстанға коронавируспен күресте көмек берді

ашық дереккөзі

 width=Түркия Республикасы Қазақстанға коронавирус індетіне қарсы күресте гуманитарлық көмек берді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Түркия Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасында қол қойылған Өзара түсіністік меморандумы аясында 30 дана өкпені жасанды желдету аппараты, 50 000 дана «N95» бетпердесі, 100 000 дана медициналық бетперде,  35 000 дана қорғаныш костюмі, 2 000 дана бет қорғаушы маскалар, 2 дана ПТР талдауына арналған жабдық,  30 000 дана SARS-CoV-2 (2019-nCov) RT-qPCR лабораториялық талдау сынауығы, 30 000 дана вирустық нуклеин қышқылын оқшаулау сынауығы мен 10 000 қорап гидроксиохлорокин дәрісі қайтарымсыз негізде берілді. Қазақстандағы Түркия Республикасының Елшілігі баспасөз қызметі таратқан ақпарға сәйкес, Қазақстан халқымен ынтымақтастық рухы аясында, бұған дейін де Түркиядан Қазақстанға әртүрлі медициналық құралдардан тұратын көмек пакеті жеткізілген болатын.

Жүктелуде...