Облыс әкімі Серікбай Трұмовтың тікелей араласуымен аталған мамандарды облысқа алдыру бойынша жұмыстар басталып кетті. Бүгін таңда ресейлік 9 дәрігер мінген ұшақ Ақтау әуежайына қонды. Барлығы да білікті медицина қызметкерлері.
- Дворницына Карина Константиновна, инфекционист дәрігер, коронавирус індетімен күресуші топтың басшысы болған, тәжірибесі бар.
- Оганисян Артур Александрович, денсаулы сақтау саласын ұйымдастыршы дәрігер, коронавирус індетімен күресуші топтың басшысы болған, тәжірибесі бар.
- Шенгиреев Игорь Константинович, невролог, антикоагулянттар және т.б. дәрі-дәрмек мөлшерін анықтаумен айналысушы маман.
- Захарова Дарья Константиновна, педиатр, кардиолог, коронавирус індетімен күресуде тәжірибесі бар.
- Ямалтдинов Азат Афканович, пульмонолог, рентгенолог, фтизиатр дәрігер.
- Кочергина Валентина Владимировна, реаниматолог, коронавирус індетімен күресуде тәжірибесі бар.
- Федоренко Инна Николаевна, терапевт, кардиолог, коронавирус індетімен күресуде тәжірибесі бар дәрігер.
- Захаров Лев Владимирович, ковид жұқтырған науқастарды босандырып алуда тәжірибесі бар акушер.
- Суковатицина Ольга Станиславовна, фельдшер, ковид жұқтырған науқастарды емдеуде тәжірибесі бар дәрігер.