Кім алаяқ: Qazaq Air әлде Tickets.kz

Кім алаяқ: Qazaq Air әлде Tickets.kz

ашық дереккөзі

 width=Бүгін астанадағы ағам қазақстандық QAZAQ AIR (www.flyqazaq.com) әуекомпаниясының 12 шілде таңғы сағат 6:15-8:20 аралығында Астана-Шымкент бағытында ұшатын рейсіне билет рәсімдеп-төлем жасапты, делдал-ресурс тарапынан №77МХ97 тапсырысы расталған. E-mail адресіне келген барлық хабарламаның скрині қолында. 14:40-та билет рәсімдеп, ал 14:41-де «төлем расталғаны, тіркелгені» туралы ақпар келді. Билеттің электронды нұсқасын күтіп отырғанда, сағат 15:26-да info@tickets.kz адресінен билеттің ақысы төленіп қойған соң 8300 теңгеге күрт қымбаттағаны туралы хабарлама келді.  width= Бұл не сонда? Билетті сатып алып, бір сағатқа жуық уақыт өткен соң бағаны 70%-ға көтеріп, тағы төлеңіз деуге қандай құқықтық негіз бар? Тұрақты тұтынушыдан алаяқтықпен осылай «арам табыс» табуға бола ма? Осы уақытқа дейін www.tickets.kz ресурсынан мұндай мәселеге жолығып көрмегенін айтып ашынды. 12 мың теңгеге келісіп отырып, артынан электронды почтаға 8 мың төле деген хабарлама жіберу ақылға сыймайды. Егер мәселені қайта қарап, билетті жібермесе немесе бұған көнбесе, онда осы тәуліктің ішінде билет құнын толық қайтаруды талап ететінін айтып отыр. Өйткені бұл ресурстан қайыр болмаса, ол Шымкентке келуге басқа билет қарастыруы керек. Егер мәселе бүгін кешке дейін жауапсыз қалса, бүгін-ақ барлық БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желілерге жариялап, «алаяқтық» үшін Жоғары инстанциядағы Сотқа беремін деп ашуға мініп отыр. Ересек адам болған соң, әлеуметтік желіге кіре бермейді. 8 мың теңге жоқтығынан емес, жолаушыны ақымақ қылғанына соңына дейін барам дейді ағам.  width= ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰШАҚ ТАСЫМАЛЫНЫҢ «ШЕКСІЗ ИГНОРЫ»:

  • Тикетстің хабарлама соңында «Клиенттерге 24/7 режимдегі қолдау көрсету қызметі» деп көрсетілген +77273645000 (Almaty) және +77172727574 (Astana) нөмірлеріне 100 мәрте хабарластық, алған адам жоқ;
  • Уатсап желісіне +7 700 364 5000 он рет аудиоқоңырау шалды, былай да хабарласты, жағдайды толық баяндап жазба да жаздық. Бірақ әдеттегідей жауап жоқ.
  • Бұл болмаған соң рейске жауапты
QAZAQ AIR www.flyqazaq.com әуекомпаниясының сайтында көрсетілген +7 727 3561414 телефонына хабарластық, тағы көтермейді. Әлеуметтік желілердегі парақшаларынан да «мүлгіген игнор».
  • Алаяқ деген атқа кандидат, әзірге жұмбақ екі ресурс info@flyqazaq.com және info@tickets.kz адрестеріне де хат жолдадық, NO ANSWER.
QAZAQ AIR әуекомпаниясы да, билет делдалы TICKETS.KZ ресурсы да осылай Арқадағы ағамды әбден әуреге салды.

Жазба Күлтегін Аспанұлы есімді автордың рұқсатымен жарияланды

ЕСКЕРТУ: Автордың мақаласы редакция пікірімен сәйкес келмеуі мүмкін.

Жүктелуде...