Белгілі актер Дәурен Айдарқұлов пен бұрынғы Кешью тобының әншісі Ақбота-Нұрмен ажыраспақшы деп жазады
NewsRoom+ақпарат агенттігі.
Бұл туралы актердің өзі Instagram парақшасында жариялады.
"Осыдан төрт жыл бұрын "Гламур для дур" аты киноның кастингі кезіндегі Ақботамен таныстығым өмірімді түбегейлі өзгерткен болатын. Енді міне араға төрт жыл салып, ара қатынасымыз тоқтады. Біз ажырасамыз. Ажырасу себебін құпия сақтамақпыз. Біз бар күш-жігерімізбен некемізді сақтап қалуға тырыстық. Бір-бірімізге деген құрметпен екі жаққа кетеміз. Жаратқанға және Боташкаға Ибрахим мен Аиша үшін алғыс айтамын. Ең бастысы ауырмаңыздар!",-деп жазба қалдырыпты Дәурен Айдарқұлов.
Еске сала кетсек, актер Дәурен Айдарқұлов Ақбота-Нұрмен "Гламур для дур" фильмінің түсірілімі кезінде жүре бастады. Ол кезде актер отбасылы, үш балалы болатын. Ара-қатынастары көпшілікке жария болған соң, некелескен болатын. Алайда Ибрахим атты ұлы дүниеге келген соң, жұлдызды жұп ажырасып тынды. Кейіннен екеуі қайта татуласып, екінші рет ата-ана атанған болатын.