Автобусқа бетпердесіз кірсеңіз, 83 мың теңге айыппұл төлейсіз.
Бірнеше күн бұрын ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «санитариялық-профилактика шарасын ұйымдастыру және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойды. Құжатта қоғамдық көлікте жүру талаптары жайлы да жазылған, бұл таксиге де қатысты.
Талапты елемеген азаматтар ҚР ӘҚБК-нің 425-бабы бойынша жазаланады. Аталған баптың бірінші бөлігінде былай жазылған: Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi, техникалық регламенттерді адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқпаған бұзушылық — жеке тұлғаларға 30 АЕК (83 340 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Жеке тұлғаларға қандай жағдайда айыппұл салынады: - жабық ғимараттар мен қоғамдық көлікте бетпердесіз жүргенде; - қоғамдық орындарда бір метр қашықтық сақтамағанда; - далада үштен аса адам топтасып не басқа да талаптарды елемей жүргенде
Сілтеме