500 млн теңгеге дәрі-дәрмек жеткізілді

500 млн теңгеге дәрі-дәрмек жеткізілді

ашық дереккөзі

 width= Ауруханада бос орындар жоқ деген мәліметке сенуге болмайды. Облысымызда инфекциялық төсек орындардың 45 пайыз бос тұр. Өкпені жасанды желдету құрылғылары да жеткілікті. Өзбекстан мен Түркиядан 500 млн теңгеге қажетті дәрі-дәрмек жеткізілді. Бұл туралы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы НұрОтан партиясы филиалында өткен онлайн брифингте мәлімдеді. Облысымызда 2116 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде 819 адам жазылып шыққан. 20 адам қайтыс болған . Пневмониямен 5421 адам науқас сырқаттанған оның ішінде 4720 адам ауруханаға жатқызылды. Оның 2920 –сы емделіп шықты. Қазіргі таңда ауруханада бос орындар жеткілікті. Марат Пәшімов - Түркістан облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Қазіргі таңда облысымызда 202 науқас ем қабылдауда. 238 бос төсек орын бар. Былай айтқанда 45 пайыз инфекциялық орындар бос боп тұр. КСМ: Өкпені желдету құрылғысының саны да артып келеді. Олар жедел жәрдем көлігіне де орнатылуда. Өткен аптадан бастап жедел жәрдем шақырушылар саны да төмендеді. Бұған дейін күніне 3,5 мыңға дейін қоңырау шалынатын болса бүгінде оның саны 2200-ге дейін төмендеді. Марат Пәшімов - Түркістан облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Жасанды желдету аппараты бойынша Қазіргі таңда облыс бойынша 178 аппарат бар. Қазіргі таңда облысымзда 124 жедел жәрдем көлігі бар. Оның ішінде 25 жедел жәрдемде ИВЛ аппараты бар. Таяуда тағы 50-і орнатылады. Күні кеше облыс әкімі дәрі-дәрмек алуға 500 млн теңге қаржы бөлінгені туралы мәлімдеген болатын. Осы қаржыға алынған препараттар бүгін келіп жеткен. Енді коронавирусты емдейдтін дәріден тапшылық болмауы керек. Марат Пәшімов - Түркістан облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Қазір Түркия мен Өзбекстаннан 2 фура дәрі келді. Осы препараттар екі айға бүкіл Түркістан облысына жеткілікті. Өте күшті көмек . Өте керек зат. Біздің ойымызша Түркістан облысында дәрі-дәрмектен ешқандай проблема болмайды. Қазіргі таңда облысымызда 924 дәріхана бар. Осы әкелінген препараттар дәріханаларға да таратылатын болады. Осылайша дәрі жетіспеу мәселесі түпкілікті шешілі тиіс Н.Кенжехан Сілтеме

Жүктелуде...