Айтыскер ақын Президентке үндеу жолдады

Айтыскер ақын Президентке үндеу жолдады

ашық дереккөзі

 width= Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа өз инстаграм парақшасы арқылы үндеу жолдады, деп хабарлайды Newsroom.kz+Ақпарат. Өз парақшасында қазіргі орын алған пандемияға байланысты өз пікірін білдіріп, сатып алынып жатқан аппараттарға қатысты деректер келтірген.

Қазақстан Республикасының президенті Қасымжомарт Кемел ұлына! Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға! Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа! Қазақтың даласы қан сасып тұр. Адамдар шыбынша қырылып жатыр. Адамдар өз ажалынан емес, дәрінің жоқтығынан, жағдайдың жоқтығынан, апараттардың жоқтығынан, ауруханаларда орындардың жоқтығынан өліп жатқанын мойындауымыз керек! Қазаққа қастандық жасалды! Осы жағдай жүрегімізге батқан соң біз қоғам белсенділері қосылып халықтан ақша жинадық! Ақшаны жинап Түркия мемлекетінен 125 аппаратты сатып алдық! Бұл аппараттар Қазақстанда 500-800 мың көлемінде сатылып та жатыр. Халықтың ондай қымбат аппарат алатын жағдайы жоқ екенін менсіз де білетін шығарсыздар деп ойлаймын! Елшіліктің көмегімен шекара шығынынан да құтылғандай болып едік.. Бірақ 125 аппаратты, яғни 2 тонна жүкті тұтас жіберетін мүмкіндік жоқ екен!!! Ендігі жан айқайымыз мынау!,-деді ол.
Сонымен қатар, СК "Фармация" мекемесіне сенімсіздік білдіріп, алынғалы жатқан аппараттарды жеткізумен тікелей қорғаныс министрлігі айналысса, ал алынған аппараттарды таратуды өз билігімізге қалдырса деген тілегін жеткізген.
Біздің тірнектеп жинап алған аппараттарымызды Қазақстанға барған соң СК "ФАРМАЦЕВТИКА" деген мекеме қабылдап алады екен.. Ол мекемеге халық та, халықтан ақша жинаған белсенділер де сенбей отыр! Себеп: осы уақытқа дейін шет елдерден келіп жатқан көмектердің жоқ болып кетуі! Сондықтан осы аппараттарды таратудың билігін өзімізге берсеңіздер екен. Қорғаныс министрлігі арнайы ұшақ жібертсе тұтас апаруға болады! Бізге әр минут қымбат! Әр адам қымбат! Әр аппарат қымбат! Әр тиын қымбат!
Түркиядан алынатын 500 аппаратқа қоғам белсенділері арқасында 2 апта ішінде ақша жинап бере алатынын айтып, соған көмек көрсетілсе деген пікірін айтқан.
Мен Түркия мемлекетіндегі бір зауытпен сөйлесіп 2 аптада 500 апарат алатын болып келісім-шарт жасамақшы едім.. Зауыт келісімін берді! Ең арзан бағаға! Егер қоғам белсенділеріне аппараттарды Қазақстанға жеткізуге көмектесіп, таратуға мүмкіндік берсеңіздер 2 аптаның ішінде 500 аппараттың ақшасын жинап береміз. Бар мүмкіндікті пайдаланып қалайық.. Достар, репост! Маған сіздердің қолдауларыңыз керек.. (Менің шыдамым таусылып барады)
https://www.instagram.com/p/CCdWW-8FpCz/?igshid=1jnizegi302fv

Жүктелуде...