Президент тапсырмасы: Басшылар жұмыстан шығарылсын немесе тергеуге алынсын

Президент тапсырмасы: Басшылар жұмыстан шығарылсын немесе тергеуге алынсын

ашық дереккөзі

 width= Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен "СК-Фармация" басшылары жұмыстан шығарылсын немесе тергеуге алынуы керек, деді Тоқаев.  ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия кезінде туындаған қиындықтар үшін кінәлі адамдарды жауапқа тартуға тапсырма берді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент медициналық көмек пен аса қажетті дәрі-дәрмектерді қолжетімді ету мәселесіне тоқталды. Осы орайда тергеу жүргізу қажеттігін айтты. Ал жұмысын дұрыс атқармаған басшылар қызметінен кетуі керек."Тергеу жүргізу керек. Қазіргі қиындықтарға кінәлі барлық адамды жауапқа тарту қажет. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен "СК-Фармация" басшылары жұмыстан шығарылсын немесе тергеуге алынуы керек", - деді Тоқаев.
Президент дәрілердің жетіспеушілігі мен оның бағасын қолдан қымбаттату мәселесін шешу қажеттігін айтты.
"Бұл жағдайды тез арада реттеп, барлық өңірді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Жұмыс жүргізіліп жатыр. Енді нәтиже керек", - деді президент.

Жүктелуде...