Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
10 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Готтентот қызы Саарти

Готтентот қызы Саарти

Готтентот қызы Саарти
ашық дереккөзі
Африканың оңтүстігін мекендейтін готтентот тайпасының дене құрылысында өзге адамзаттан аздаған өзгешелік бар. Олардың бөкселері шығыңқы болады. Оның сырын ғалымдар әлі түсіндіріп бере алмай отыр. Сол тайпаның бір қызының тағдыры туралы айтып берейін..  width= Шовинистер тарапынан кемсітушілікке ұшырамаған абориген кем шығар?! Оңтүстік Африка Республикасында өткен ғасырдың 90-жылдарында ғана жойылған нәсілшілдікті біз басымыздан кеше қойған жоқпыз.. Еуропа нәсілдестер мен қара және сары нәсіл өкілдерінің ақыл-ой, санасы жағынан тең екенін алғаш дәлелдеген Оңтүстік Африканы мекендейтін готтентот тайпасының қызы Саарти Баартман (шамамен 1790-1815 жылдары өмір сүрген) еді. Кейптаун маңында тұратын бір бақуат бур (Африкаға ертерек келіп, тұрғылықты болып қалған ақ нәсілділер) отбасына күң болып жүрген Саарти Саарти ағылшын және француз тілдерін жетік меңгеріп қоймай, өзінің музыкаға бейімділігін де көрсеткен. Бірде әлгі байдың үйіне ағылшын хирургы Уильям Данлоп келеді. Қонақтың алдында ән салып өнер көрсеткен Саартидің дене құрылысы өзгешелеу екенін хирургы Уильям Данлоп байқап, аттай қалап өзімен бірге Англияға әкетеді. Англияға келген Саарти ақ адамдар көретін «эскпонатқа» айналды. Пысықай ағылшындар қызды табыс көзіне айналдырды. Өкінішке қарай, отаршылар үшін ойыншық болған Саартидің тағдыры қайғылы аяқталып, 25 жасында өмірмен қоштасты. Саарти өлген соң Еуропалық дәрігерлер оның мәйітін зертханаға алып, зерттеу жұмыстарын жүргізді, қаңқасын болашақ дәрігерлерге көрнекі құрал ретінде көрсетті. Нәтижесінде готтентот тайпасы адамдарының сүйек құрылысы әлемнің басқа халықтарына ұқсамайтын ерекшеліктері бары анықталды. 2002 жылдың тамыз айында Саартидің мәйіті отанына жеткізіліп, туған жері Хэнки қаласының маңындағы біртөмпешікке арулап жерленді. Саартидің тағдыры желісімен 2010 жылы француз режиссері А. Кешиш «Қара Венера» атты фильм түсірді. (Фото интернеттен) Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ