Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
10 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Әли Оқапов сүйіктісіне ұсыныс жасады

Әли Оқапов сүйіктісіне ұсыныс жасады

Әли Оқапов сүйіктісіне ұсыныс жасады
ашық дереккөзі

"Асыл" тобында өнер көрсетіп танылған әнші, актриса Ақерке Бүркітбай қалыңдық атанды. Желі қолданушылары ол халық әртісі Роза Қуанышқызының келіні атанатынын жарыса жазуда. Бұл туралы  Newsroom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

­али окапов

Бұл туралы Ақерке Бүркітбай өзінің Instagram парақшасында жариялаған. Ол қолындағы сақинасын көрсетіп түскен фотосымен бөліскен. Оқырмандары Ақерке Бүркітбайдың Әли Оқаповтың жары атанатынына сенімді. Желі қолданушылары екі жастың бұл қадамына қуанышты екендерін білдіріп, жарыса құттықтап жатыр. Бірі: "Сен бақытты болуға лайықты қызсың! Әли алтын жігіт", - деп ыстық лебізін білдірсе, енді бірі "Али, құсың құтты болсын" - деп тілегін жаудырып жатыр. Келін ененің топырағынан демекші, "Роза Рымбаеваның келіні құтты болсын" , "Рымбаеваға ұқсайсың" - деп жазып жатқан оқырмандар да бар.