Ресей Ғылым академиясының (РҒА) корреспондент-мүшесі, ММУ профессоры Симон Теймуразович Мацкеплишвили Instagram-да Бейбіт Әлібековтың парақшасындағы тікелей эфирдегі екі сағаттық сұхбатында коронавирусты қалай емдеу керектігін айтты, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Мацкеплишвили - жоғары санатты дәрігер, медицина ғылымдарының докторы. Ол ММУ медициналық орталығының коронавирусты емдеу хаттамасының авторы.
Мацкеплишвили өзі әзірлеген хаттамада қолданылатын препараттарды атады, сондай-ақ олар қандай жағдайларда тағайындалатынын егжей-тегжейлі сипаттады.
Профессор ұсынған хаттама тек екі беттен тұрады.
"Біздің хаттама нақты, өте қарапайым. Онда аз жанама әсерлері бар қарапайым, қол жетімді препараттар бар. Бұл терапияны барлық жерде қолдануға болады. Ол үлкен қаржылық шығындарды қажет етпейді", - деп сендірді ресейлік дәрігер.
ММУ медициналық орталығының коронавирусты емдеу хаттамасының мәтінін Әлібеков өзінің Telegram-арнасында жариялады.