Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
9 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Эксклюзив: Катардан жіберілген гуманитарлық көмек қоймада неліктен 50 күн жатты?

Эксклюзив: Катардан жіберілген гуманитарлық көмек қоймада неліктен 50 күн жатты?

Эксклюзив: Катардан жіберілген гуманитарлық көмек қоймада неліктен 50 күн жатты?
ашық дереккөзі
 width= Ғаламтор желісінде Наргиз Северная есімді қолданушының шетелден тегін келген дәрі-дәрмек дәріханада сатылып жатыр деген күдігіне қатысты «СК-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы Берік Шәріп Еуразия бірінші арнасындағы Basty Prime бағдарламасында: «Шет мемлекеттерден келген гуманитарлық көмектің дәріханаларға түсуі мүмкін емес! Гуманитарлық көмектің ішінде Тамифлю препараттары болған жоқ» деп жауап берді. Сонымен қатар жауапты компания басшысы Жемқорлыққа қарсы агенттіктің тексерісі өздерінің шақыруымен жүріп жатқанын мәлімдеді. «Катардан жіберілген гуманитарлық көмек «СК-Фармация» ЖШС қоймасында неліктен 50 күн жатты?» деген сұраққа Берік Шәріп Катардан көмек жіберілгенімен, құжаттар жіберілмегенін, сол себепті тарата алмағандарын айтты.