Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
9 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Елордадағы жолбарыстар тағдыры

Елордадағы жолбарыстар тағдыры

Елордадағы жолбарыстар тағдыры
ашық дереккөзі
"Тар жерде аш жатыр!". Елорда тұрғындары жеке тұрақтардың бірінде қос жолбарыстың аштықтан бұратылып, азапты қамауда жатқанын айтып дабыл қағып еді. Осы ақпараттың рас-өтірігін анықтау үшін біздің арна тілшілері жыртқыштар жатқан жерге барып қайтты. Сондай-ақ, апта бұрын Ақтау қаласын алаңсыз аралаған аң патшасының алдағы болашағын анықтап келді, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.  width= Әлеуметтік желіде жұлдыз болған екі жолбарыс осы. Бір жастағы Бен және Лад 4 айдан бері автотұрақтағы темір торда қамалып отыр. Жыртқыштарды  өткен жылы елордаға Ресейден Мұхтар Өселбаев әкелген. Цирк әртісі Бен мен Ладты баптап, астаналықтарға жаңа қойылым қоюды жоспарлапты. МҰХТАР ӨСЕЛБАЕВ, ЦИРК ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: "Біз ресми түрде шекарадан өттік. Қолымызда ветинарлардың сертификаты мен келісімдері, керекті құжаттар болды. Бір ғана қателігіміз  біз Ресеймен бір одақ аясында болғасын, халықаралық деңгейдегі СИТЕС құжатын алмаппыз".)) Ол құжатты рәсімдей бастағанда қалалық мәдениет басқармасының басшысы ауысыпты. Сол мезеттен бастап СИТЕС құжаты жоқ жануарларды цирктан алып кетуді міндеттеген. МҰХТАР ӨСЕЛБАЕВ, ЦИРК ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: "Мен ақпан айында Мәдениет басқармасын басшысы Сыдықов Нұрланға кірдім. Ол біз СИТЕС құжатын жасаған соң, циркке қайта аламын деді. Бірақ бір-екі айдан кейін ол қылмыстық іс аясында, жемқорлық фактісімен тергеуге түсті. Сөз берген шенеунік орнынан кетті. Енді әрі қарай не болары белгісіз". Бастапқыда Мұхтар Өселбаев қолындағы жолбарыстарды өзінің гастролдік темір торына, яғни вольеріне жайғастырған. Наурыз айынан бастап мысық тұқымдас жыртқыштар ақылы автотұраққа көшіпті. Азаматтың айтуынша, жеке аумақтың ақысы мен Бен мен Ладтың жейтін тамағына ай сайын 180 мың теңгеге дейін қаржы жұмсайды. Оны табу үшін күнделікті жұмысынан бөлек, қосымша напақа іздеуге тура келетінін айтады. ЖЕҢІСБЕК СЕРІКБАЕВ, АВТОТҰРАҚ ҚЫЗМЕТШІСІ: "Жақсы бәрі. Жолбарыстар аман-есен. Өзім де постоянно қарап тұрамын. Тамағын, керегін Мұхтар әкеп тұрады. Доктор да келеді. Ауырмаған, сырқамаған. Дені сау. Жолбарыстар жас".)) Жолбарыс иесінің сөзінше, полиция «СИТЕС құжатынсыз Қазақстанға жануарларды заңсыз әкелді» деген сылтаумен қылмыстық іс те қозғаған. Түсіндіре кетейік, жоғарыда атаған маңызды құжатта құрып кету алдында тұрған жануарлардың халықаралық сауда-саттық ережесі келтірілген. Сондай-ақ Мұхтар Өселбаев бұл Конвенцияны елге кірмей тұрып жасауы керек болған екен. СӘКЕН ДІЛДАХМЕТ, ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІНІҢ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ КОМИТЕТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: "Қазақстанға жануарларды кіргізуге бұл азаматтың арнайы рұқсаттамасы жоқ. Тиісті мемлекеттік органнан алынбаған. Аталмыш факті Сарыарқа аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Бүгінгі күнде осы іс бойынша тергеп-тексеру жұмыстары басталып, шешімі шығатын болады". Цирк әртісі алған бетінен қайтпақ емес. Ол Ресей мамандарынан керекті қағазды алдырған. Енді елдегі тиісті органдары жолбарыстардың аренаға шығуына рұқсат беруі тиіс. Бен мен Лад тағдыры белгісіз болса, Ақтауда табылған Симба есімді арыстанның болашағы айқындалды. Көшеде емін-еркін жүрген арыстанның иесі одан бас тартқандықтан ол Алматыдағы зообаққа жөнелтілмек. https://www.youtube.com/watch?v=g_PsNsfrHoU