Қостанайда қоқыс жәшігіне жаңа туған сәбиін тастап кеткен келіншекке қатысты сот үкімі шықты. Жантүршігерлік оқиға қаладағы шағын ауданның бірінде өткен күзде тіркелген. Қоқыста жатқан шақалақты кездейсоқ әйел байқап қалып, артынша көмек шақыртқан, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
ГҮЛДЕН ЖӘКЕНОВА, КУӘГЕР:
«Ол жылаған жоқ. Қимылсыз жатты. Аяғы мұздың үстінде тоңып қалғаны байқалды. Басқа белгілері болмады. Нәресте матамен оралмаған. Мен тек аяғы мен қолын ғана көрдім. Жақындап ашып қарауға жүрексінгендіктен денесін толығымен көре алмадым. Өзіне үлкен памперс кигізілген екен».
Нәрестенің суық тиіп шетінегені хабарланды. Белгілі болғандай анасы туыстарынан аяғы ауыр екендігін жасырып келген. Сол үшін үйінде босануды жөн көрді. Сот анықтағандай босану барысында патологиялар болған. Нәтижесінде, келіншек сәбиі өлі деп ойлаған екен. Осылайша «Жаңа туған нәрестені анасының өлтіруі» бабы, «Баланы байқаусызда өлтіріп алу» бабына ауыстырылып, жазасы жеңілденді. Сот келіншектің бұдан бөлек екі баласы бар екенін ескере отырып, оны бір жарым жылға дейін бас бостандығынан айырды.
https://www.youtube.com/watch?v=JCvLUuTUsbw