Вирустың белгілері жоқ немесе инфекция жеңіл формада өтіп жатқан науқастарға дәрілермен емделуге болмайды. Бас қаладағы орталық аурухананың дәрігерлері солай дейді. Вирусқа қарсы препараттарды дене қызуы көтеріліп, өздерін әлсіз сезінгендерге ғана қабылдауға рұқсат екен. Оның өзінде, әуелі міндетті түрде барып қаралу керек. Өйткені антибиотиктер бәріне бірдей жаға бермейді, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
РАУШАН ҚАРАБАЕВА, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:
«Вирус сиптомсыз немесе жеңіл формада өтіп жатқан пациенттер ақуызы көп тағамдарды жеу керек, одан бөлек күніне кемі 2,5 литр таза суды ішкені абзал. Бойында С мен Д дәрумендері бар жеміс-жидектерді де күнделікті рационға қосқандары дұрыс. Бірақ байқаңыз, артық мөлшерде де қабылдауға болмайды. Әйтпесе ағзаңызға пайдасы емес, керісінше зияны тиюі мүмкін. Ал дене қызуыңыз көтерілсе, парацетомол ішсеңіз жеткілікті. Ол көмектеспей жатса, міндетті түрде жедел-жәрдемді шақырыңыз».
https://www.youtube.com/watch?v=dMfjQtJydqg