Елорда күнінің барлық іс-шаралары онлайн режимде өтеді, - деп хабарлайды NewsRoom+тілшісі Tengrinews.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Эпидемиологиялық ахуалға байланысты бұған дейін Елорда күніне жоспарланған барлық іс-шаралар тоқтатылды. Шаралар тек онлайн режимде өтеді. Бұл туралы қалалық мәдениет басқармасы хабарлады.
Мысалы "Домбыра күні" шарасын тұрғындар Қазақстан телеарнасынан онлайн режимде тамашалай алады. Іс-шаралардың көпшілігі әлеуметтік сипатта болады - ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған реабилитациялық орталық, жұмыссыз әйелдерге ШОБ негіздерін үйрететін "Кәсіпкер ана" әлеуметтік орталығы, Жағалау ауданында жедел жәрдем стансасы мен "Доктор у дома" медицина орталығы және басқа да әлеуметтік нысандардың ашылуы болады.
Шараларға қатысатын адамдар саны шектелген. Сонымен қатар үй кезегіндегілер мен үлескерлерге пәтер кілттері тапсырылады - қатысушылар саны шектеулі және санитарлық нормалар қатаң сақталады: маска тағып, әлеуметтік қашықтық сақтау керек.