Қойдың майының коронавирустан қорғайтыны рас па? - маман жауабы

Қойдың майының коронавирустан қорғайтыны рас па? - маман жауабы

ашық дереккөзі

Қойдың майы - бұл халық емі, біздің ата-бабаларымыз қолданған.
Алматы қалалық №9 емхананың меңгерушісі Мадина Омарова қойдың майы коронавирусқа қалай әсер ететіні туралы айтып берді, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Tengrinews.kz. ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Дәрігер Омарованың айутынша, хаттама бойынша, медициналық қызметкерлердің қабынуға қарсы май қолдануға құқығы жоқ. Сондай-ақ, маман кезінде қойдың майы барлығына ем болғанын, бірақ қазір оның орнына басқа майлардың қолданылып жатқанын айтып өтті. "Қойдың майы - бұл халық емі, біздің ата-бабаларымыз қолданған, ал қазір мұндай дамыған заманда қабынуға қарсы түрлі кремдер мен майлар бар. Хаттама бойынша бізде майларды қолдануға кеңес берілмейді", - деді ол. Еске салайық, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 41 065-ке жетті. 188 адам қайтыс болып, 13 614 адам айықты.

Жүктелуде...