Абай әндерінен каверлер байқауы жарияланды

Абай әндерінен каверлер байқауы жарияланды

ашық дереккөзі

3 ЖЕҢІМПАЗҒА 50.000, 30.000 және 20.000 ТЕҢГЕ БЕРІЛЕДІ!   «Birgemiz: Asyl Mura» жалпыұлттық жобасы аясында Ұлы Абайдың 175 жылдығына арнап каверлер байқауы жарияланды! Байқаудың мақсаты – Ұлы Абайдың әндерін жастарға жаңаша жеткізу. ⠀Абай әндері мәтін мен музыканың, сөздер мен әуеннің ажырамас бірлігімен ерекшеленеді. Оның өлеңдерінің ерекшеліктері музыкалық тілдің түпнұсқасымен бірге көптеген ән шығармалардың туылуына себеп болды. Бұл сол дәуірдің музыкалық өнеріндегі жаңа құбылыс. Қазіргі таңда олар танымал және сұранысқа ие болып отыр, республиканың танымал әншілерінің, музыканттарының, шығармашылық ұжымдарының репертуарына кіреді, жетекші концерттік залдардың сахналарында орындалады. Әнге қызығушылық танытатын барлық жас өкілдері байқауға қатыса алады. Ол үшін: 1) Абай өлеңіне кавер орындалатын бейнебаян түсіру 2) Бейнебаянды Instagram-ға #Абайәуені175 #Abay175cover хэштегтерін белгілеп жүктеу 3) @birgemiz_asyl_mura @jasulan_qz парақшаларын белгілеуіңіз қажет. Байқау уақыты 2020 жылдың 20 шілдесіне дейін. Жүлде қоры – 100 000 теңге. Ұйымдастырушылар: «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен. ⠀ Шара маңыздылығын ескере отыра, Сіздерден ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз. «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Баспасөз  қызметі Қосымша сұрақтар бойынша: Серік Бағлан, 8 705 597 47 09  Инстаграм: jasulan_qz

Жүктелуде...