"Қайынсіңілдерім күйеуге шығып кетсе де, отбасымен күнде үйде жүреді "

"Қайынсіңілдерім күйеуге шығып кетсе де, отбасымен күнде үйде жүреді "

ашық дереккөзі

Тараздық Айдана есімді келіншек қайынсіңлілері күйеуге тиіп кетсе, бүкіл отбасымен үйде жүретінін айтып шағымданады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісіне. "Төркіні жақынның, төсегі жиналмас" деген керемет сөз бар. Осы қанатты сөздер дәл менің қайынсіңлілеріме арналған. Күйеуім бір үйдің жалғыз баласы. Үш қарындасы бар. Күйеуге тиді деген аты болмаса, күйеубалалар бала-шағасымен күнде біздің үйде. Әрқайсысы арнайы қонақ бөлмелерде жатады. Күнде апыр-топыр "мәңгі қонақтарды" күтіп шаршаймын. Әрине, келін екенімді білемін. Бірақ туыстарды да сағынып көргің келеді екен. Төркінін қимаса, күйеуге шықпай-ақ қоймады ма деп ойлаймын кейде?!

Жүктелуде...