Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
1 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Қалада 2 үйім, 1 коттеджім және 2 темір тұлпарым бар» - емші бала Ерболсын Серікбаев

«Қалада 2 үйім, 1 коттеджім және 2 темір тұлпарым бар» - емші бала Ерболсын Серікбаев

«Қалада 2 үйім, 1 коттеджім және 2 темір тұлпарым бар» - емші бала Ерболсын Серікбаев
ашық дереккөзі
Ол туберкулез, обыр сынды күрделі сырқаттар меңдеген науқастарды емдеу қолынан келмейтінін жасырмаған. Халық арасында «Үкілі бала» лақап атымен танымал жас емші. Бүгінде Ақтөбе қаласында тұратын ол, онда медицина саласы бойынша 3-курсты тәмамдаған, - деп жазады NewsRoom+ тілшісі Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. Еске сала кетсек, емші бала Ербосын жұртты 10 жасынан бастап емдеген. «Жалпы, бұл кәсіп – іш пысқанда айналысатын дүние емес, менің өмірлік жұмысым» деген ол, өзін ерекше қабілетті адам санамайды. Алайда, әртүрлі диагнозбен келген адамдарды емдеуге 5 немесе 15 күндей уақытын сарп ете жүріп, жазып шығатын көрінеді. «Менің алдыма ауырып келген адамды емдеп жібергеннен кейін ол екінші рет ауырып келмейді. Мәселен, көзі -5 болып келген адамдар болды. Мен оларға 1 айдың ішінде -3,5/3-ке дейін көзінің көріп кетуіне ықпал жасадым», - дейді өзі. Бір қызығы, «үкілі бала» 70-тен жоғары жастағыларды мүлде қабылдамайды екен. Себебі, олардың организмі қартайып, шаршаған. Сондай-ақ, туберкулез, обыр сынды күрделі сырқаттар меңдеген науқастарды да емдеу қолынан келмейтінін жасырмаған. Ол өзінің 9 жылдық емшілік тәжірибесінің арқасында материалдық жағдайын да жақсартып алыпты. «Мендегі ең елеулі өзгеріс – атақ-даңқ. Көптеген адам жұмысымды бағалап, көрген жерде өзінің оң көзқарасын білдіріп, сыйлап жатады. Көбіне емдеу жағынан ұсыныстар Алматы, Нұр-Сұлтан және Қостанай қалаларынан түседі. Сондай-ақ, Мәскеу, Орынбор, Петербор сынды қалалардан да шақыртуды жиі аламын. Осылайша, әртүрлі адамдарды қабылдап, аяқтан тұрып кетуіне септігімді тигіземін. Шыны керек, Қазақстан халқынан гөрі, шет елдегі азаматтар емдік қасиетімді жоғары бағалайды. Сондай-ақ, жомарттық танытып, үй тарту еткен адамдар да болды. Аллаға шүкір, қазіргі уақытта қалада 2 үйім, 1 коттеджім және 2 темір тұлпарым бар. Оның бәрі де бірінші Алланың, кейін осы еңбегімді бағалап жатқан адамдардың арқасы. Мұның бәрі – неше жылдан бері жасап келе жатқан маңдай тер мен жұмыстың нәтижесі», - дейді емші. Сөз соңында ол коронавирус туралы ештеңе айтқысы келмейтінін және бұл індетпен ауырып жатқан науқастарды қабылдамайтынын да айтқан.