Парламентарийдің пікірінше, мемлекет басшысы мемлекетпен не істеу керектігін білмейді.
Жоғарғы Рада депутаты Вадим Рабинович Украинаның парламенттік республика болуға жақын қалғанын, ал Владимир Зеленскийдің мемлекеттің соңғы президенті атанатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Skifnews.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Саясаткер бір жыл бұрын өткен президенттік сайлауда "халыққа соншама уәде берген" Зеленскийді азаматтардың төрттен үш бөлігі қолдағанын, бірақ олардың көпшілігі бүгінде биліктің іс-әрекеттерінен көңілі қалғанын атап өтті.
Парламентарийдің пікірінше, мемлекет басшысы мемлекетпен не істеу керектігін білмейді.
"Зеленскийдің елімізді өркендетуге зор мүмкіндігі болды, бірақ қазір өркендеу көрінбейді. Мен бір жыл бұрын: "Владимир Зеленский не ең табысты президент болады, не Украинаның соңғы президенті болады. Себебі біз парламенттік республика боламыз", - деген едім. Менің ойымша, бүгінде біз екінші нұсқаға жақынбыз!" - дейді Вадим Рабинович.