ПТР тестті қымбат сатып, үкімет елді алдап келді ме?

ПТР тестті қымбат сатып, үкімет елді алдап келді ме?

ашық дереккөзі

Белгілі блогер Яков Фёдоров фейсбуктағы парақшасында ПТР тестке байланысты сауал тастады. Су жаңа денсаулық сақтау министрі Алексей Цой брифинг өткізді. Оның айтуынша, үкімет 1,2 млн ПТР тест сатып алу үшін 1 млрдқа жуық теңге бөлген.Құлағым қағыс естімеді ме деп, бірнеше рет айналдырып, қайта тыңдадым.Қарапайым ғана арифметика: 1 млрд теңгені 1,2 млн-ға бөлгенде... Бір тестің бағасы 833 теңгеден келеді, - дейді Яков Фёдоров. Ол егер министр қателесіп айтып отырмаса, Бұл тонау ғой деп жазды. Онда неге біз осы кезге дейін бір ПТР тест үшін 11-12 мың теңге төледік, - дейді блогер. Бұл постың астына министр Алексей Цойдың өзі пікір жазып, жауап қатты. Үкімет COVID-19 індетімен күресуге 15,7 млрд теңге бөлді. Оның ішінде 1,2 млн ПТР тест сатып алу да бар, - дейді Алексей Цой. Ақпарат: Baq.kz порталынан

Жүктелуде...