Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
30 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Карантиннің созылғанын қалаймын»

"Карантиннің созылғанын қалаймын"

«Карантиннің созылғанын қалаймын»
ашық дереккөзі
Өз өмірім туралы бөліскім келеді. Құрбымның әлеуметтік парақшасындағы достарына қосылдым. Арасында түр-сымбаты келіскен, формадағы жігіт көзіме түсті. Достық жібердім. Ол қабылдады. Осылайша екеуміз таныстық. Екеуміз де төртінші курс студентіміз. Алайда екі бөлек қалада оқимыз. Бір жыл бойы телефонмен, видеобайланыспен сөйлесіп жүрдік. Кейіннен ол маған келіп кездесіп, ата-анама жолығып, үйленгісі келетінін айтты. Оқу бітірген соң, ол бірден қызметке орналасып кетті. Арамыз алшақтай бастады. Мен болмашы сөзге ренжіп қалдым. Арада әпкем құрбысының баласымен таныстырды. Мен сүйіктімнен қоңырау күтіп жүрмін. Одан хабар жоқ. Осылайша жарты жыл өтіп кетті. Әпкем таныстырған жігіт құда түсіп келетінін айтты. Шошып оянғандай күйдемін. Сүймейтін адамға қалай күйеуге шығамын? Мен әлі де бұрынғы жігітімді сүйемін. Оны күтуге әзірмін. Сүймеген жанға күйеуге шығатыным есіме түссе уақыт тоқтап қалса екен деймін. Осы ай мәңгіге созыла берсе екен. Карантинде ұзартыла берсе екен...