Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
30 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Ковидтың кесірінен күйеусіз қалдым»

"Ковидтың кесірінен күйеусіз қалдым"

«Ковидтың кесірінен күйеусіз қалдым»
ашық дереккөзі
"Дүниежүзін шарлаған коронавиус індеті мені де айналып өтпеді. Вирус жұқтырып емес, өміріме зиянын тигізбей қоймады" дейді Айсәуле есімді ару NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісіне мұңын шағып. "Өзім қарапайым ауылдың қызымын. Өзге өңірдің жігітімен сөз байласып, үйленсек дегенбіз. Ата-анам ауылдың адамдары болған соң, құда-жекжатты барлық жөн-жоралғысымен күтсек деп еді. Енді мына вирустың салдарынан күйеуге қашан тиетінім белгісіз болып отыр. Жігітім де асықтырып отыр. Ойынан айнып қала ма деп қорқам. Екеуміз екі жақта. Екеуміздің арамызды мың шақырым ажыратып отыр. Алдағы уақытта карантин күшейтіліп, мүлде үйлене алмай қаламыз ба деп қорқамын?!"-дейді ол.