«Көңілдесім коронавирус жұқтырып алды» деген жігіт жылап қалды
"Көңілдесім коронавирус жұқтырып алды" деген жігіт жылап қалды
ашық дереккөзі
Отбасылы Айдос есімді жігіт көңілдесінің коронавирус індетін жұқтырып алғанын айтып, көзіне жас алды. Өзінің дәл қазіргі жағдайы тым ауыр екенін, оны сөзбен жеткізе алмайтынын және бұл тығырықтан қалай шығатынын білмейтінін айтады, - деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі.
"Жағдайым ауыр. Бәрін басынан айтқаным дұрыс болар. Отбасым, екі балам бар. Және жасырын емес көңілдесім бар. Қысқасы отбасыммен бір қалада, жұмысым өзге қалада болатын. Анда-санда отбасыма, балаларыма барып тұратынмын. Ал өзге қалада сүйіктіммен тұрып келгем.
Бәрі жап-жақсы-ақ еді. Мына вирус деген "пәле" келіп, бәрін тас-талқан етті. Бір екі аптаға отбасыма барып келемін десем, карантин болды. Одан жұмысымды қашықтықтан жасауға бұйрық шықты. Сонымен сүйіктіме жете алмай, зар болудамын.
Енді болса, коронавирусты жұқтырып алғанын есітіп, жүрегім ауырды. Қасында бола алмадым. Шарасызбын. Махаббаттан құса болатын шығармын",-деп Айдос көз жасына ерік берді.