Қатаң карантиннің қайта енгізілуі қаншалықты маңызды?
Қатаң карантиннің қайта енгізілуі қаншалықты маңызды?
ашық дереккөзі
Елімізде қатаң карантин режимі қайта енгізілетін жайында кешегі жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та айтып қалды.
Бұл туралы NewsRoom+ тілшісі Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Тіпті мемлекеттік комиссияға алдағы 2 күнде тың ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Себебі наурыз-мамыр аралығындағы шектеулер эпидемияның кең таралуына жол бермеді деп топшылайды. Алайда қатаң режим тоқтаған соң, яғни 11 мамырдан бастап жұрт еркін жүріп, коронавирус жұқтыру дерегі 7 есеге дейін өскен.
Сондай-ақ жергілікті жердегі берекесіздік, әкімдер тарапынан жіберілген олқылықтар да өз әсерін тигізді. Тойланған той, аталып өтілген кештер де жұрт арасында қауіпті вирустың өршуіне себеп болды. Тағысын тағыларды екшей келе, Мемлекет басшысы тағы тыйым қажет екенін ескертті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Наурыз бен мамыр аралығында болған сынды қатаң карантиндік режим енгізу үшін мемлекеттік комиссияға екі күн ішінде маған ұсыныстар беруін тапсырамын. Бірақ бұл кезде халықтың әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін, бизнестің мүддесін ескеру қажет.