Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
30 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандарды жерлеу ережелері өзгертілді

Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандарды жерлеу ережелері өзгертілді

Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандарды жерлеу ережелері өзгертілді
ашық дереккөзі
Қазақстанда коронавирус инфекциясынан көз жұмған адамдарды жерлеу ережелері өзгертілді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап. «Көз жұмған адамдарды жерлеу тәртібі маңызды болып қалып отыр. Қазіргі тәртіпке өзгерістер енгізілді: қайтыс болған адамды санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық нормаларды сақтай отырып, кез келген зиратқа жерлеуге болады», - деді Алексей Цой. Айта кетсек, кейінгі деректерге қарағанда Қазақстанда коронавирустан 188 адам қайтыс болған. Еске сала кетсек, Үкімет 2 күннің ішінде осы жылдың наурыз-мамыр айындағыдай қатаң карантин шараларын енгізу бойынша ұсыныс әзірлеуі тиіс. Бұл тапсырманы коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңес барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берген еді.