weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
29 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Түркістан облысында үш трактордың күлі көкке ұшты

Түркістан облысында үш трактордың күлі көкке ұшты

Түркістан облысында үш трактордың күлі көкке ұшты
ашық дереккөзі
Тергеушілер тарапынан бірқатар сараптамалар тағайындалды. Түркістан облысы Бәйдібек ауданында полицейлер өрт қою жайты бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, – деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі  Polisia.kz. порталына сілтеме жасап. 23 маусымда Бәйдібек аудандық полиция бөліміне Боралдай ауылында белгісіз жағдайда үш МТЗ-80 тракторы жанып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 202-бабы 2-бөлімі "Қасақана өрт қою арқылы бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру" бойынша СДТТБТ-ға тіркеді. Тергеушілер тарапынан бірқатар сараптамалар тағайындалды. Өз кезегінде Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар, қасақана өрт қойған күдіктілердің жеке басын анықтауға бағытталған барлық қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.