СҚО-да ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

СҚО-да ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

ашық дереккөзі

Солтүстік Қазақстан облысында ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді. Топ мүшелері заңсыз әрекеттермен бірнеше жыл бойы айналысып келген деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап. оооооооооо Ұйымдасқан қылмыстық топ жалған шот-фактуралар шығарып, Солтүстік Қазақстан облысында ақшаны қолма-қол етіп алумен заңсыз айналысқан. Осындай алаяқтықтың арқасында олар, алдын ала болжам бойынша, 500 миллион теңгеден астам салықтан бұлтарған. Олар 9 маусымда қылмыс үстінде қолға түсті. Бұл 9,3 млн теңгені қолма-қол ақша қылып қайтару кезінде болған. Тергеу қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша жүзеге асырылады: ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру және басқару, сондай-ақ іс жүзінде жұмыс жасамай, қызмет көрсетпестен немесе тауарларды жеткізбестен шот-фактураларды ресімдеу бойынша іс-әрекеттер. Тінту кезінде олардан құжаттар, флэш-дискілер, пломбалар, мөрлер және 12 миллион теңге табылып, тәркіленді. Соттың санкциясы бар төрт күдікті екі айға қамауға алынды.

Жүктелуде...