Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
18 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Арыс қаласының аналары Елбасыға жеделхат жолдады

Арыс қаласының аналары Елбасыға жеделхат жолдады

Арыс қаласының аналары Елбасыға жеделхат жолдады
ашық дереккөзі
 width= Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа Әлемге жайылған Covid-19 дерті еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты да айналып өтпегені өкінішті жайт. Бүгінгі күні әлем бойынша 8 миллионнан аса адам осы қауіпті індетті жұқтырса, Қазақстанымызда 15 877 адамда коронавирус тіркеліп отыр. Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіздің қауіпті дертке шалдыққаныңызды естіп, Өзіңіз Ұлы дала Елі деп атаған барша Қазақ Елінің қабырғасы қайысты. Қазіргі күні бүкіл қазақстандықтың, соның ішінде киелі де қасиетті Арыс халқының тілеуі Сіздің амандығыңыз. Олар Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалап, шаңырағын көтерген, «тоқырау кезең» деп аталып кеткен «тар жол, тайғақ кешу» сын сағаттарында ұлы көшті өркениетке түзеген, сөйтіп тату-тәтті, жарасты бақытты ғұмырға сүрлеу салып берген Өзіңіздей Ұлы Перзентінің саулығын тілейді. Биыл бір жыл болғалы отырған, былтырғы 24 маусымдағы алапат жарылыста, қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіз жойқын жарылыстан есеңгіреп қалған арыстықтарға бүткіл Қазақ Елін жұмылдырып, үлкен көмек көрсеттіңіз. Арыстықтардың Сізге деген алғысы һәм құрметі шексіз. Құрметті Елбасы, арыстықтар Сіздің денсаулығыңыздың жақсарып, елге қызмет етуіңізді қалайды. Ләйім, соған жазсын! Арыс қаласының аналары атынан: «Әжелер алқасының» төрайымы Елубаева Өрікгүл Жиделі жалпы білім беретін мектептің директоры, депутат Әуезова Гүлмира Орыс-славян этномәдени орталығының төрайымы Шолгина Любовь «Әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Рахымжанова Мүсілима Батыр ана Үзенбаева Қызылгүл