Демограф Ерболат Мұсабек халық саны өсімін зарттеумен 50 жылдан бері айналысады. Қазақстанның демографиялық жылнамасының авторы. IT саласындағы тәжірибесі бір бөлек. Демографияны есептейтін талай программа әзірлеген. Статистика органдарында 1997 жылдан істеп келген маманның «Қазақстан статистикасыны үздігі» деген атағы да бар. 1999, 2009 жылдары өткен Халық санағының басы-қасында болып, әр туған бала мен өмірден өткен, елден кеткен, шетінеген, қартайған азаматтардың есебін жүргізген.
Қазір Статистика агенттігінде «АСЖ сүйемелдеу департаменті тіркелім жүйесін сүйемелдеу бөлімінің бас маманы» деген қызметте.
Azattyq Ryhy демографтан биылғы санақ жайлы, эмиграция мен ажырасу, туу деректеріне қатысты стереотиптер туралы сұхбаттың жалғасын жариялайды.
- Ерболат Нығыманұлы, айтыңызшы, қай кезде біздің елде «baby boom» болды?
- Биылғы 17 мамырдағы статистикаға сәйкес елде 18 млн 705 мың 464 адам тұрады. Соңғы жылдары Қазақстанда туғандар 396 мен 402 мыңның, өлгендер саны 110 мен 133 мыңның аралығында. 1987 жылы 417 мың сәби дүниеге келіп, туу бойынша ең үлкен көрсеткішке қол жеткізгенбіз. Кеңес Одағы тараған соң көп адам табиғи отанына көшті, жұмыссыздық пайда бола бастады, үйленетіндер саны күрт төмендеді. Сөйтіп, тоқырау жылдары, яғни, 1999 жылы туғандар саны 217 мың 600 болып, ең төменгі нәтижені көрсетті.
Сілтеме