Режиссер Жеңіс Тұматаевтың «Үлкенді-кішілі өмір» мелодрамасы ұзақ үзілістен соң өз жұмысын қайта бастағаннан кейін кинотеатрлардағы үлкен экрандарда көрсетілетін алғашқы шығарылымдардың бірі болады.
Жоба өндірушілерінің айтуынша, бұл түсірілім шілде айының бірінші жартысында ұсынылады деп күтілуде. Алайда, қазіргі қалыптасқан ахуалда форс-мажор жағдайлары орын алуы да ғажап емес.
«Қазіргі уақытта біз кино картинаны насихаттау науқанын жүргізудеміз. Екі жыл бойғы еңбегіміздің жемісін, яғни фильмнің таныстырылымын ақпан-наурыз айларына жоспарлаған едік… Енді жобамызды жариялауға қолайлы жағдайлар туады деп үміттенеміз.
https://youtu.be/bwACiX0yWZE
Өкінішке орай, өмір басқаша өрбіп кетті. Біз, барлығымыз уақыттың соңғы кезеңінде жүргендей күйге түстік. Дегенмен, жаңа пайда болған уақытты, мүмкіндікті пайдаланып, фильмді жарыққа шығарудың бірқатар ұйымдастырушылық жұмыстарын пысықтадық. Қорытынды нұсқасын жаңа креативті шешімдермен толықтыра түстік», - деді Q film Coopers продакшн-компаниясының негізін қалаушы, жобаның режиссері, сценаристі және продюсері Жеңіс Тұматаев.
«Үлкенді-кішілі өмір» фильмі қазақстандық кинематографияда сирек кездесетін экзистенциалды драма жанрында түсірілген және зерттеулері Ричард Гере мен Винона Райдердің «Осень в Нью-Йорке», Киану Ривз бен Шарлиз Теронның «Сладкий Ноябрь» немесе Вонг Кар-Вайдың «Любовное настроение» сияқты классикалық фильмдеріне ұқсайды. Яғни, батыл және бостандықтағы әйел тақырыбын қамтиды.
Бір қызығы, жобаның авторлары негізінен ер адамдар болып табылады, соның нәтижесінде фильм режиссердің өз танымы бойынша, «ерлер көзімен әйел жалғыздығының хроникасы» деген өзіндік формаға ие болды. Қорытынды түйіні бүгінгі өмірде қиын жағдайға тап болған қазіргі заманғы әйелдің терең және нәзік сезімдерін ерлердің интуитивті түсіндіру әрекетін білдіреді.
Сюжеттің желісі бойынша Аяла есімді басты кейіпкер күйеуінен қайғылы жағдайда айырылып қалады. Содан соң әкесіз қалған қызымен жаңа өмір бастауға тырысады. Алайда, кейіпкер жаңа және күтпеген сынақтарға ұшырайды.
Жобаның продюсерлері - Азамат Мұратов, Ләззат Жүнісова, Қайрат Мақажан.
Басты рөлдерді қазақстандық әртістер Әсел Қалиева, Жандос Айбасов, Сергей Погосян, Бопеш Жандаев және Санжар Мәди ойнайды.
Қазіргі таңда фильмнің ресми трейлері мен постері ұсынылуда.
Сілтеме