Құжат қолда: үй алғандар баспаналарына кіре алмай жүр

Құжат қолда: үй алғандар баспаналарына кіре алмай жүр

ашық дереккөзі

Өз үйлері болса да, пәтер жалдауға мәжбүр ақтөбеліктер әкімдік алдында айқай шығарды. Мемлекеттік бағдарламамен баспана алғандар сенделіп жүргендеріне жарты жылдан асқанын айтты. Үйдің құжаттары қолында, ал көшіп келейін десе жаңа нысанда не су, не газ, тіпті электр жарығы да жоқ. Бірақ, тұрғындар несиелерін төлеп жатыр, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.  width= Базынамызды жергілікті биліктегілер естісе екен деп жиналған жұрттың барлығы пәтерлерін «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы алыпты. Қолдарында үйді қабылдап алған акттері де бар. Алды несиені төлеп жатыр. Ал қоныстанайын десе, құрылыс компаниясы кілтті бермейді дейді. ГАУҺАР БАҚЫТ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: "Барлық документ дайындап қойдық. Үйге келсек, декабрьде қалай келдік, әлі солай тұр. Иә плинтус жоқ, туалет , ваннасы жоқ., 2 күн светке, 2 күн суға кетеді, 5 күн күтіңіз деді. 5 күн күттік, он күн өтті. Әлі ешнәрсе істелмеген. Жаңа келдік та, кілтті ашыңыз, мен үйді көрсетуім керек десем, кіргізбей отыр үйіме. Уже мен кредитімді төлеуім керек». Пәтер жалдауға шамасы келмегендері айқай-шумен баспанасына кіріп алған. Солардың бірі  Жанар Тілепбергенова. Үш баламен баратын жері болмағасын, суы, газы, жарығы болмағанына қарамастан, бір бөлмелі пәтерде тұрып жатыр. Ай сайын 44 мың теңге несиеге төлейді екен. ЖАНАР ТІЛЕПБЕРГЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Алдық ұрыспен кілтті зорға дегенде. Су , светі жоқ. Міне, содан бері әлі отырмыз. Бір-біріне сілтейді. То строительдердің бастығы акиматқа, акимат строительдерге, солай отырмыз». Жанардың бар үміті- үлкен ұлы. Судың өзін құрылыс компаниясының күзетшілері отырған бұрандадан тасып ішіп отыр. Тұрғындар тезірек коммуникация желілерін жүргізбесе, алдағы қыста қалай өткеретінімізді білмейміз деп отыр. ГҮЛЗАДА АСМАМБЕТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Біздер оған 15 жыл бойы төлейміз ғой, бесплатно ешкім үлестіріп беріп жатқан жоқ, пирожки сияқты. Почему біздер баламен далада ыстықта осындай барып сұрауымыз керек ақша төлеп жатқан үйімізге? Еще квартираға төлеуіміз керек, еще алмаған үйімізге, коммуникация, дым жоқ үйімізге төлеуіміз керек». Жиналғандар екі үйдегі 48 пәтердің барлығы сатылып кеткенін айтып отыр. Коммуникациясы жүргізілмегенін, проблемасы бітпейтін үй болғанын білгенде тіпті жоламас едік дейді. Алайда, бас тартуға кеш. Өйткені, банкпен келісімге отырып, несиені төлеу кестесін қолдарына берген. Ал тапсырыс беруші қалалық құрылыс компаниясы болса инженерлік желілердің әлі күнге жүргізілмей жатқан себебін былай түсіндірді: АСЛАН ЖАРАСБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: «Инженерлік желілерді үй біткеннен кейін жүргізуге мүмкін болған жоқ. Себебі, қыс түсіп кетті. Желілер барлығы үйге келіп тұр. 15 күннің шамасындла бұйырса барлығы іске қосылады». Шенділердің әне-міне дайын болады деген уәдесіне тойдық деген тұрғындар әкімдікке келді. Қала әкімін емес, Алматы ауданының әкіміне ұшырасты. Өз аумағына қарасты "Нұр-Ақтөбе" ауданындағы үйдің мәселесінен әкім хабардармын дейді. ӘДІЛГЕРЕЙ ӘУЕЛБАЕВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ АЛМАТЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: «Она переходящая. Түсіндіңіз ба? Биылғы жылға өтіп кетіп тұр. Соған байланысты биыл жылдың аяғына дейін бітіреді. Біз оны қадағалауға аламыз өзіміз. Жақсы? -          Сонда біз 2020 жылдың аяғына дейін , бір жыл күтеміз ба? И будем платить за квартиру которую не живем? И на съемную квартиру будем платить? Вы тоже о народе думайте! Там люди без воды живут, без света! -          - Жоқ, мен сіздің жағдайыңызды түсініп тұрмын. Ондай қылып айтудың қажеті жоқ. Бітпеген үйге сізді қалай кіргізеді? Дұрыс па? Сондықтан... -          Онда неге бітпеген үйге график погашения береді? -          Ондай әр уақытта болады. Оның үстіне коронавирусың келіп жатыр. Біз қадағалаймыз, мұнан кейін де қадағалаймыз!». Материал әзірленіп жатқан сәтте Алматы ауданы әкімі мәселені бақылауға алғанын айтып тағы да пысықтады. Әділгерей Әуелбаев 20 күннің ішінде үйдің коммуникациялық желілерін іске қосып, тұрғындар баспаналарына жайғасады деді. https://www.youtube.com/watch?v=auAS4Aib4sI  

Жүктелуде...