Сұмдық жайт! Үлкен Алматы өзенінде шомылып жүрген ит электр тоғына түсіп, арам қатты. ең сорақысы, бұл жерде балалар да су кешіп, өзенге түседі екен. Жануардың оқыс өлімінен секем алған тұрғындар, әбден шогынып қалған, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі
Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Өзен арнасынан алып шығып, иттің өмірін арашалап қалғысы келген иесінің видеосы көпшіліктің жүрегін елжіретті. Алайда, электр тоғына түскен төбетті құтқару мүмкін болмады. Коба есімді бес айлық алабай тұқымын қожайыны кешқұрым серуендетуге алып шығыпты. 30 келі тартатын жануар күн сайын осы жерде жүгіріп, суға түскен екен. Бірақ, бұл жолы қайғылы жағдаймен аяқталды.
"Коба жүгіргеннен кейін өзеннің жоғарғы жағында суға түскенді әдетке айналдырған. Дәл солай кеше де жасады. Ол жерде кішкентай балалар да жасөспірімдерде көп болатын. Бірақ, электр тоғының күшінен суда өртеніп кетті. Ветеринарлық жедел жәрдем шақыруға тым кеш. Иттің орнында кішкентай бала болса не боларын елестетудің өзі қиын".
Үлкен Алматы өзенінде аяқтан су кешіп алаңсыз жүретін балаларды да, терең жерінде шомылған ересектерді көру күнделікті құбылыс. Бірақ, арнасымен ағып жатқан тіршілік нәрінің ішінде қауіпте жоғары. Өйткені, мұнда бау-бақшасын суару үшін жеке тұрғын үйлер электр сорғыштарды суға салып қойған екен. Алайда, оның қауіпсіз екендігіне ешкім жауап бермейді. Оған кешегі қайғылы жағдай дәлел.
Оқиға болған жердегі сорғыш алынып тасталған. Қазір мұнда бөлінген құбырлар мен ізін ғана көруге болады. Ал, тіршілік нәрін арнадан сорып алуды көздеген азаматтың үстінен, иттің иесі шағымданбауға шешіпті.
МҰҚАН БАЙБАЛАҚОВ БОСТАНДЫҚ АУДАНЫ ЭКОЛОГИЯ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
«Олар өздері отказной жазып берді оларға. Все болды, ешқандай претензия не имею бәрімізді орнына қойды, деді да бәріміз бардық та речканың бойындағы проводтарын бәрін кесіп алып тастадық. Ол жерде не законный полеволка етіп өздері сорғанғой енді суды».
Өзен бойында әлі де сымы шыққан сорғыштар тұр. Құзырлы орган болмағандықтан, ешқандай айыппұл салуға құқығымыз жоқ деген әкімдіктегілер мұндай жағдайлармен қалай күресетіндігін ашып айтпады. Ал, әрбір адамның өміріне алаңдаған қала тұрғындары болса, келесі рет қара жамылатын жағдайға жеткізбес үшін алдын алу керек дейді.
https://www.youtube.com/watch?v=u1EzES77yLA