Шетелдік
Amazon.nl сату және алу сайтында Қазақстан Республикасының туы бейнеленген дәретхана жабдықтары сатылымға шыққан.
Сатылымға шыққан кілемшелердің бағасы 28,94 евро (13173 теңге).
Кілемшеден бөлек сайтта тудың суреті бейнеленген сөмке, бетперде, шұлық, қысқа шалбарлар және өзгеде дүниелер сатылады.
ҚР Қылмыстық Кодексiнің 372-бабы, яғни Мемлекеттік рәміздерді қорлау туралы заңда:
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қорлау – екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады",- делінген.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2.
Дереккөз: Qamshy.kz порталынан