"Қайын атам мені ұнатпады": Екінші рет тұрмыс құрған Әсел Асқар отбасылық өмірі туралы айтты

"Қайын атам мені ұнатпады": Екінші рет тұрмыс құрған Әсел Асқар отбасылық өмірі туралы айтты

ашық дереккөзі

Әнші Бүркіттің қарындасы Әсел Асқар екінші рет тұрмысқа шыққанына бір жыл. Желі жұлдызына айналған ару әлі күнге дейін қайын атасы мен күйеуінің туыстарының разылығын толығымен алмағанын айтып, сырымен бөлісті. Бұл туралы NewsRoom+ тілшісі Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап. "Иә, бұл мәртебе қоғамдағы өмірімді айтарлықтай жеңілдетті дегенге келісемін. Сыртымнан көрген жұрт мені бақытты, ешқандай мәселесі жоқ екінші рет оңай тұрмысқа шықты деп ойлайды. Біреу маған қызыға қарайды, біреу жолы болып кетті деп ойлайды. Ажырасқан әйелдер енді тұрмысқа шықпаймыз деп жатса, мен оларға үміт бергендей болдым", - деді Әсел Асқар.

Екінші рет тұрмысқа шыққан ару қайын жұртының оны әлі де қабылдамайтынын айтты.

"Күйеуімнің туыстары мені әлі де қабылдамайды. Олар әрине ашықтан ашық айтпайды. Бірақ, менің сыртымнан сөйлескендері, күлгендері бәрі маған белгілі болып тұрады. Оны күйеуіме де біліп жатады, әрине күйеуім де қамығады. Күйеуімнің әкесі мені ең соңына дейін мені ұнатпады. Мен оны кінәламаймын, ол өзінің жалғыз ұлының тағдырына алаңдайды. Мені ұлы үшін қандай да бір қауіп деп ойлады. Уайыммен сөйлесетін әңгімелері әрине күйеуіме әсер етеді. Бірақ мен оның бәрін жеңе аламын. Қорлау мен көз жассыз ол мүмкін емес. Бірақ, менің мінез-құлқым мен көзқарасым бұдан өзгермейді. Маған қажет нәрсенің бәрін мен жасаймын. Біреуге жағыну, екіжүзділік ол менің қанымда жоқ", - деді Әсел Асқар.

Жүктелуде...