Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 9700-ден асты
Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 9700-ден асты
ашық дереккөзі
Қазақстанның 7 өңірінде коронавирус инфекциясынан 90-ға жуық адам жазылды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Соңғы мәліметке сәйкес, елімізде тағы 87 адам коронавирустан емделіп шықты:
Нұр-Сұлтан қаласында - 47,
Шымкент қаласында - 22,
Ақтөбе облысында - 3,
Атырау облысында - 6,
Қызылорда облысында - 4,
Түркістан облысында - 2,
Маңғыстау облысында - 3.
Бүгінге дейін Қазақстанда коронавирус індеті жалпы 15542 адамнан анықталды, Оның ішінде жазылғандар саны - 9716. Қайтыс болды - 88 науқас.