Бұрын "есік көргеніме" қарамастан беташар жасады

Бұрын "есік көргеніме" қарамастан беташар жасады

ашық дереккөзі

"Менің өмірімді айтсам, елден ерек. Тағдырым түрлі тосын-сый жасайды деп мүлде ойламаппын. "Бірінші бақ-бақ, екінші бақ-бейбақ" деген сөз бар. Бірақ бұл сөзді бүгінде керісінше айтып келемін" деп бастады Аяна есімді келіншек NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісіне. "Орта мектепті жақсы оқыдым. Одан соң, студенттік өмір басталып кетті. Әлеуметтік желі дегеннің өмірімізге дендеп кіріп жатқан кезі. 1 курс оқып жүрген кезім. Тек суреттен көрген жігітпен күніге сөйлесіп жүрдік. Кейін кездесеміз деп шештік. Өмірде көрген соң, ойым өзгерді. Менің араласуды қаламайтынымды білген соң, әлгі жігіт "соңғы рет көруге рұқсат бер" деді. Мен келістім. Алайда ол сол күні алып қашты. Осылайша қайтып келді деген атаққа қалмайын деп, жүрегім қаламаса да, сонда қалдым. Бірақ күйеуге тиді деген аты болмаса, келіншек атанып, беташар да өткізілмеді. Маған үйленгендегі себебі ауру әжесіне қарайтын қыз іздеген екен. Ар-ұятым жібермей, қарияны ренжітпейін деп екі ай бірге тұрдым. Ауру әжейдің асын беріп, төсек орнын тазалап жүрдім. Төсек тартып жатқан адамды көтеріп, жуындыру өте қиын. Соған қарамастан, күтушінің рөлін атқардым. Ақыры өзім ауырып, ауруханаға түстім. Сол күйі ол отбасыға бармайтын болып, шешім қабылдадым. Араға бес жылып салып, бір жігітпен таныстым. Ұнататынын іштей сездім. Салт-дәстүр бойынша, сырға салып, құда түсіп, үйден ұзатылдым. Барған соң, беташар және үлкен той жасады. Осылайша шын бақытымды адасып тапқан жанмын"-деп аяқтады әңгімесін келіншек. Бүгінгі таңда ол тұңғыш перзентін күтіп жүргенін айтты.

Жүктелуде...