Баян Есентаева: Құранды ер адам жазғанын нақты білемін

Баян Есентаева: Құранды ер адам жазғанын нақты білемін

ашық дереккөзі

Атышулы продюсер Баян Есентаева эксклюзивті сұхбатында әйелдер құқығын қорғаумен айналысып, біздің қоғамдағы нәзік жандылар теңдігі үшін барын салатынын айтты. Сондай-ақ ол қасиетті Құранды ер адам жазды деп ойлайтынын жеткізді, - деп хабарлайды NewsRoom+тілшісі  NUR.KZ. сілтеме жасап. Бұған дейін айтқанындай, ол әйелдер құқын қорғаумен нақты әрі жан-жақты айналысатын қоғамдық қор құруға дайындық үстіндемін деді. "Бұл проблема (әйелдерге зорлық-зомбылық көрсету – ред.ескертпесі) жара сияқты, оны қазір емдеу керекпіз. Кеше ғана мен жаңалықтардан шариғат бойынша әйелдерді күніне бес рет ұру қажет дегенді оқыдым. Мұндай сөзді өте сауатсыз, Құранды оқымаған адам айтты. Сіз білесіз бе, Құранда не жазылғанын? Егер әйел сені тыңдамаса, шариғат бойынша ең алдымен - онымен сөйлесу керексің. Екіншіден әйел бұл жағдайда да тыңдамаса, екі аптаға онымен жақындаспау қажет. Кейіннен ең реніштісі, Құранда жазылған ақиқат - сен оған қол көтере аласың. Мен Құранды ер адамдардың жазғанын нақты білемін. Себебі оны әйел адам жазған болса, онда үшінші пункті болмас еді",- деді Баян Есентаева. Продюсер еркектердің көпшілігі Құранды толықтай оқымай жатып, әйел адамды тым төмендетіп жіберетінін құптамайтынын айтты. "Мен феминистка емеспін, бірақ, өз құқы мен міндетін сыйлайтын әйелмін",- деп ағынан жарылды әртіс. https://www.youtube.com/watch?v=qpPTd-128lw&feature=emb_title

Жүктелуде...