Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
17 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Шымкентте карантин талаптарын сақтамағандарға қатаң шара қолданылып жатыр

Шымкентте карантин талаптарын сақтамағандарға қатаң шара қолданылып жатыр

Шымкентте карантин талаптарын сақтамағандарға қатаң шара қолданылып жатыр
ашық дереккөзі
Шымкент қаласында арнайы мамандардан құралған мониторингтік топ күнделікті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі  Tengrinews.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Мониторингтік топтың құрамында аудан әкімдіктерінің қызметкерлері және аудандық полиция кызметі, сондай-ақ аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандары мен БАҚ өкілдері бар. Қаладағы эпидемиологиялық ахуал әзірге күрделі. Сондықтан да, барша қала тұрғындарын коронавирус инфекциясының таралуының алдын алуда зор жауапкершілік танытып, енгізілген шектеулерді қатаң сақтауға шақырамыз. Бұл - уақытша қиындық. Сондықтан сабыр сақтап, саналы түрде өз денсаулығымыз бен жақындарымыздың амандығы үшін жұмыла күресейік,- дейді маниторингтік топ өкілдері. Атап айтар болсақ, бір күндік рейдтік тексеру кезінде бірнеше кәсіпкерге ескерту жасалып, кейбіреулері жұмысын тоқтатты. Мәселен, Әл-Фараби ауданы бойынша санитарлық талапты сақтамаған 4 базар мен 32 нысанға ескерту жасалды. Сондай-ақ, қаулыға атүсті қараған бір дүңгіршек пен азық-түлік сататын дүкен жабылды. Ал, Абай ауданында 29 нысанға ескерту беріліп, 7 айыппұл хаттамасы толтырылды, 1 компьютерлік клуб жабылды. Еңбекші ауданында мониторингтік топ тарапынан 34 коммерциялық құрылымға ескерту берілді. Сонымен қатар. Карантин режимін бұзған 4 коммерциялық құрылымға хаттама толтырылды.  />

Қаратау ауданындағы 2 базар мен 15 нысанға ескерту шаралары жасалынып, оның ішінде 3 хаттама толтырылды. Сондай-ақ, бір ретсіз саудамен айналысқан кәскепкерге шара қолданылып, ол сауда нүктесінің жұмысы тоқтатылды.

Бұл ретте, кәсіп нысандары санитарлық режимді сақтап, келушілерге үнемі бетперде мен қолғап, антисептикпен қамтамасыз етуде олқылық жібермеу қажет.

<img src=
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz

Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz

Сертификат

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Портал жаңалықтары 18 жастан асқан оқырмандар назарына.

Контакты
  • Мекен-жай Astana, Kazakhstan
  • Телефон +77057218114
  • e-mail info@newsroom.kz
Әлеуметтік желілер:
facebook twitter telegram instagram youtube
Яндекс.Метрика

2024 © Барлық құқық қорғалған