Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
16 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қышқаладан көне кесене табылды

Қышқаладан көне кесене табылды

Қышқаладан көне кесене табылды
ашық дереккөзі
Мамандар табылған кесененің көлемінің үлкен екендігін, әрі оның толығымен қыштан тұрғызылғандығын жеткізді. Қызылорда облысы, Сырдария ауданына қарасты Қоғалыкөл ауылының маңайында орналасқан Қышқала қалашығының орнынан көне кесене табылды. Қышқаладағы археологиялық зерттеу жұмыстары 2018 жылдан бері тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Қыш материалдарының негізінде жүргізілген археологиялық зерттеулер бойынша Қышқала тіршілігінің хронологиясын ғалымдар ХІІІ-ХV ғасырларға жатқызған болатын. Таяуда басталған қазба жұмыстары Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығы аясында жүзеге асырылып жатыр. Зерттеу жұмыстары үшін облыстық бюджет есебінен арнайы қаражат қарастырылған. Археологиялық экпедицияға тарих ғылымдарының докторы Мадияр Елеуов жетекшілік етеді. Мамандар табылған кесененің көлемінің үлкен екендігін, әрі оның толығымен қыштан тұрғызылғандығын жеткізді. Кесене орны бүгінде толығымен аршылу үстінде. Экспедиция құрамында археологтер мен жас ғалымдар жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, мұндай ауқымды іске жергілікті ауыл тұрғындары да тартылып отыр. Ақпарат: Skifnews.kz порталынан