Тікелей эфирге хабарласқан көрермен қазақстандық тележүргізушіге «тоқалым болшы» деп сезімін білдірді
Тікелей эфирге хабарласқан көрермен қазақстандық тележүргізушіге "тоқалым болшы" деп сезімін білдірді
ашық дереккөзі
Қазақстандық бағдарламаның жүргізушісі Гүлнәзия Жалғасқызына көрермен тікелей эфирде ұсыныс айтты. Тоқал тақырыбында әңгіме-дүкен құрған бағдарлама жүргізушісі қандай жауап берерін білмей сасып қалды.
Қазақстандық арулар екінші әйел болуға тұрмыстың төмендігінен көндігеді екен. Және осы арқылы тек өзіне ғана емес, туыс-туғанына көмектесуді көздейді! Нарықта еңбек етуге бәсеке төмен бе әлде айлық аз ба? Не себепті нәзік жандар өз құқығын тежеуге мәжбүр? Жеңіл ақша табуды көздеген бойжеткендер бай-бағлан азаматтарды да аңдып, танысудың түрлі амалын жасауда.
Тіпті, ғаламторға емін-еркін ашық хабарлама қалдырып, бір күндік ақысын да жазып қойған. Елордаға келген бойжеткендердің арасында жеңіл ақшаны табуды көздейтіндер көп. Қазіргі қазақ қоғамында өршіп тұрған бұл мәселе Еуразия бірінші арнасындағы Basty Prime бағдарламасында көтерілді. Тікелей эфирде жұмыс жасайтын бағдарламаға көрермен хабарласып, дүйім жұрттың алдында жүргізушіге тоқал болуды ұсынды!
Мұндай ұсыныс алам деп үш ұйықтаса түсіне кірмеген бағдарлама тізгіншісі бағдарламаны ары қарай жалғастыруға тырысты.
Оқиға тікелей эфирде болды. Гүлнәзия Жалғасқызы қазіргі замандағы тоқалдар мәселесі туралы хабарды жүргізді. Тікелей эфирге бірнеше көрермен хабарласып, пікір білдіріп жатты. Көпшілігі қазіргі тоқалдардың дайын асқа тік қасық болғысы келетінін айтып жатты.
https://www.youtube.com/watch?time_continue=1&v=OQwYMGBOg3Y&feature=emb_title
Осы ретте студияға хабарласқан көрерменнің бірі бағдарлама жүргізушісі Гүлнәзиия Жалғасқызына сезімін білдірді.
"Мен Гүлнәзия ханым сіздің өзіңізге тікелей хабарласып тұрмын. Жеке өзіңізге жазып, хабарласып жауап ала алмаған соң тікелей эфирге шығып отырмын. Сізге ұсыныс айтайын деп едім. Тоқалым боласыз ба?" деді ол.
Бұл сұрақты өзіне қойып тұрғанын, әлде басқа айтып тұрғанын түсінбеген жүргізуші аң-таң күйде қалды.
"Сіз маған айтып тұрсыз ба? Сізді түсінбедім. Бұл әзіліңіз болар. Бізге осындай да көрермен хабарласа береді. Әртүрлі адам бар. Көрдіңіздер ме? Тоқал болуға ұсыныс жасайтындар бар", - деді ол.
Бұдан әрі қарай көрерменнің даусы естілмей, желі үзіліп кетті.
Бағдарлама қонақтары мен екі жүргізуші де күлкіге қарық болды.
Ақпарат: Stan.kz порталынан