Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
16 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістанның бас санитары карантиннің қай уақытқа дейін созылатынын айтты

Түркістанның бас санитары карантиннің қай уақытқа дейін созылатынын айтты

Түркістанның бас санитары карантиннің қай уақытқа дейін созылатынын айтты
ашық дереккөзі
Түркістан облыстың бас санитар-дәрігері Нұрбек Нышанов карантин режимі облыс аумағында эпидемиологиялық ахуал тұрақтанған кезеңге дейін жалғасатынын айтты. «Эпидемиологиялық ахуал тұрақтануы үшін өсім 1 апта көлемінде 5%-дан аспауы қажет. Егер өсім 2%-дан аспаса, қосымша жеңілдіктер енгізілуіне негіз болады. Ал, өсім көрсеткіші төмендемеген жағдайда, карантиндік талаптар қайта күшейтіледі. Тұрғындарға қарапайым сақтық шараларына ерекше назар аударылуы тиістігін еске саламыз. Атап айтқанда, екі және одан көп адамның бірлесіп серуендеуі кезінде бетперде міндетті түрде тағылуы, әлеуметтік қашықтық (2 метрден кем емес) сақталуы тиіс», - деді Нұрбек Садықбекұлы. Облыстың бас санитар-дәрігері мыналарға тыйым салынғанын айтты: отбасылық іс-шараларды өткізуге; ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге; сауда-ойын-сауық орталықтары жанындағы балалардың ойын алаңдары, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің, түнгі клубтардың, батут және фудкорттардың жұмысына; мал базарларының қызметіне. Карантин режимін және шектеу шараларын сақтамаған тұлғаларға ҚР заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шара қолданылмақ. Нұрбек Нышановтың айтуынша, Түркістан облысы бойынша коронавирус індетін жұқтырған 594 жағдай тіркелген. Ауырғандардың 7- і қайтыс болып, 265 адам жазылып шыққан.