Ер адам ҮАК-де селфи жасаймын деп бөгеттен құлап кетті

Ер адам ҮАК-де селфи жасаймын деп бөгеттен құлап кетті

ашық дереккөзі

Алматыда ер адам селфи жасаймын деп өлім аузынан қалды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. "14 маусым күні кешкісін республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне алдын ала мәліметтер бойынша бөгеттен құлап кеткен ер адам туралы ақпарат келіп түсті. Куәгерлер биіктігі 50 метрге жететін Үлкен Алматы көлінің бөгетінен адам құлап кеткенін, төменнен шыққан айқайларға қарағанда, ол әлі тірі екенін хабарлаған", - деді республикалық жедел-құтқару жасағында. Альпинистік құрал-жабдықтардың көмегімен құтқарушылар бөгеттен төмен түсіп, зардап шеккен адамды құтқарды. "25 метрге құлау кезінде алған күрделі жарақаттар туралы болжам расталмады - ер адамның аяғында жарақаты бар және екі саусағы сынған. Құтқарушы-медик барлық қажетті көмек көрсетті. Содан кейін РЖҚЖ қызметкерлері альпинистік тростарда ер адамды жоғарыға алып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды", - деп қосты РЖҚЖ-да. 35 жастағы экстремал өзінің мұндай жағдайға қалай тап болғанын тұсіндірді. Айтуынша, ол техникалық сатыда тұрып, әдемі фонда селфи жасағысы келген, алайда теңдікті ұстай алмай, құлап кеткен.

Жүктелуде...