Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
16 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Құдағиына ғашық болған қайынатамның «жігітшілігін» қойдыра алмай жүрмін

Құдағиына ғашық болған қайынатамның "жігітшілігін" қойдыра алмай жүрмін

Құдағиына ғашық болған қайынатамның «жігітшілігін» қойдыра алмай жүрмін
ашық дереккөзі
Бұрындары ар тазалығын сақтап, өзгенің жары түгілі мүлкіне көз алартпайтын. Қазір бәрі керісінше. Сәті келсе, көзін қысып, қызық көріп қалсам дегендер көбейе түскен сыңайлы. "Көршінің әйелі аққудай, өзінікі тауық" секілді көрінеді-ау, шамасы?! "Жігітшілігін" тастай алмай жүрген қайынатамның өзім куә болған махаббат хикаясын баяндап беруді жөн көрдім. "Қайынатам жасы 50-де. Осыдан он жыл алдын үйленгенде қырықтан асқан жігіт еді. Бүгінде он жыл өтіп, егде тартса да, сол "жігіттігі қалар емес. Олай дейтінім, жуырда балдызым тұрмысқа шықты. Түр-сымбаты келіскен құдағиға кезіктірді. Құдалықта алғаш көрген қайынатам құдағиға есі кеткені анық. Ол ол ма, құдасы бола тұра, құдағиды қармағына ілуді сол күні-ақ байқағанмын. Өткенде мейрамханада отырсам, таныс дауыстар шықты. Еріксіз сол үстелге қарадым. Өз көзіме өзім сенбедім. Менің қайынатам мен су жаңа құдағиы. Екеуі құдды романтикалық ас ішіп отыр. Әңгімелері жарасып кеткен сыңайлы. Енемді аядым. Қандай келіскен әйел. Бар өмірін асыл еріне арнаған. Өзге әйел болса түсінер едім. Туған құдағиы. Қайынатам құдағиының қалайда көңілінен шықсам деп бәйек болуда. Екеуі астарын ішіп, орнынан тұруға асықты. Бір-бірін қолтықтаған күйінше мейрамханадан көлікке отырды. Ар жағы түсінікті ғой", - деп сөзін аяқтады жігіт.