Иманғали Тасмағамбетовтің елші қызметінен кеткені туралы былтыр 18 желтоқсанда шыққан ақпарат ел ішінде кәдімгідей дүрбелең туғызды. Саяси элита арасындағы тартыс күшейген тұста танымал тұлға енді қандай қызметке тағайындалар екен деген сұрақтың маңызы арта түсті. Алайда, Ақорда мемлекет басшысының жарлығымен Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатты.
Одан бері алты ай уақыт артта қалды. Иманғали Нұрғалиұлы Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының анасы қайтыс болғанда, Алматыда төбе көрсетті. Содан бері белгілі саясаткер бұқара алдына шыққан емес.
видео жарыққа шықты.
ҮЛКЕН МЫРЗАХМЕТОВ КАРАНТИНДЕ
Биыл ақпан айында Қордай оқиғасынан соң қызметінен босатылған Асқар Мырзахметов Алматыда тұрып жатыр. Өзін Нұрбол деп таныстырған бұрынғы Жамбыл облысы әкімінің көмекшісі
Azattyq Rýhy тілшісіне төмендегідей қысқаша ақпарат берді.
«Асқар Исабекұлы шетелде емес, Қазақстанда. Қандай кәсіппен айналысатынын білмеймін. Бар ма, жоқ па? Ақпан айында қызметтен кеткен соң екі айдай карантинде болды. Қызметте қайда болса, сонда тұрады ғой. Бірақ негізгі үйі Алматыда. Жеке шаруалары туралы білмеймін. Жұмысқа қатысты ғана хабарласып тұрамыз. Басқа мән-жайларды айта алмаймын. Ол кісінің өзіне хабарласып біліп берейін»,- деді көмекшісі.
бейнебаянды жүктеді.
https://www.youtube.com/watch?v=fAzz4-EnkBo&feature=emb_title
Ришат Асқарбекұлы, Алматы
Ақпарат: https://azattyq-ruhy.kz/