Ресейлік дәрігер айранның бас жазу үшін таптырмас сусын екенін айтқан

Ресейлік дәрігер айранның бас жазу үшін таптырмас сусын екенін айтқан

ашық дереккөзі

Айранды білмейтін қазақтың өзі жоқ шығар?! Оның адам ағзасына пайдасы туралы бағзы заманнан белгілі. Ал ресейлік дәрігер, биология ғыдымдарының кандидаты Михаил Лищук айранның пайдасы туралы жуырда ғана айтыпты. Оның ас қорыту жұмысына және бас жазуда орасан зор пайдалы екенін айтқан Sputnik радиосында берген сұхбатында. "Айран көшпенділер арасында сонау 15 ғасыр бұрын пайда болған және бүгінгі таңдада өзінің пайдалы қасиеттерімен ерекшеленеді. Сусын витаминдер мен микроэлементтерге өте бай, сондай-ақ ас қорытуға өте пайдалы",-дейді. Лищуктің сөзіне сенсек, әсіресе ағзаға демалыс жариялап, ішкі құрылысты тазалауда өте пайдалы. Ол сонымен қатар алкогольді ішімдік ішкеннің ертеңіне бас жазуда таптырмас сусын екенін айтқан. Оның құрамындағы мол сұйықтық жасушаларды қалпына келтіріп, ағзаға оң әсерін тигізетінін алға тартады.

Жүктелуде...