Пайдаланушы тәжірибесін жақсарту мақсатында біз cookies файлдарын пайдаланамыз. Сайтты әрі қарай қолдану арқылы сіз cookies файлдарын пайдалануға келісетініңізді растайсыз
Коронавирустық инфекциядан емделіп жатқан кезде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың міндеттерін кім атқаратыны белгілі болды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Lенсаулық сақтау министрінің міндетін уақытша үш вице-министр: Олжас Әбішев, Людмила Бюрабекова және Ләззат Ақтаева атқаратын болады. Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысының кестесіне сәйкес, үш вице-министр Елжан Біртанов толық сауыққанға дейін күн сайын Денсаулық сақтау министрінің міндетін кезекпен атқаратын болады", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.
Айта кетейік, 14 маусымда Біртанов коронавирусты жұқтырғаны туралы хабарланған болатын. Симптомдардың пайда болуына байланысты министр инфекциялық ауруханаға жатқызылды.