Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
15 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістандағы ауруханаларда орын жетіспеушілігі туралы қауесет шындыққа жанаспайды – облыстың бас дәрігері

Түркістандағы ауруханаларда орын жетіспеушілігі туралы қауесет шындыққа жанаспайды – облыстың бас дәрігері

Түркістандағы ауруханаларда орын жетіспеушілігі туралы қауесет шындыққа жанаспайды – облыстың бас дәрігері
ашық дереккөзі
Түркістан қалалық орталық ауруханасына тұмаудың белгілерімен дәрігерлік көмекке келген азаматтар қатары көбейген. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов мәлімдеді, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап. Марат Пашимовтың айтуынша, қалалық ауруханаға келген науқастарда дене қызуының көтерілуі мен жөтел және әлсіздік байқалған. Медициналық тексеру нәтижесінде науқастардан пневмония, яғни өкпенің қабынуы анықталған. Дегенмен олардан алынған санамалардың қортындысы коронавирус инфекциясына теріс нәтиже көрсеткен. «Ауруханаға түскен азаматтардан шұғыл түрде Covid-19 инфекциясына талдама алынады. Талдама анықталғанға дейін олар провизорлық бөлімде ем қабылдап, теріс нәтижесі шыққандары аурухана бөлімдеріне жатқызылады. Статистика бойынша қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша ауруханаларда 303 науқас пневмониядан ем қабылдауда. Жалпы, 87 азамат жазылып шыққан. Сондай-ақ, Түркістандағы ауруханаларда орын жетіспеушілігі туралы қауесет шындыққа жанаспайды. Ауруханаларда науқастарға төсек-орын жеткілікті. Кентау қалалық орталық ауруханасында 50 орындық соматикалық бөлімше қайта даярланды. Түркістан қалалық орталық ауруханасында да қосымша 30 төсек-орын әзірленген. Орын алған жағдайға байланысты науқастарды жоспарлы жатқызуларға шектеу қойылған. Жеке клиникалар да өздеріне бекітілген тұрғындарға тиісті медициналық қызмет көрсетеді», - деді басқарма басшысы. Сондай-ақ, облыстың бас дәрігері барша тұрғындардан қарантин режимін қадағалап, инфекциясының таралуына жол бермеуге шақырады. Медициналық бетперде тағып, антисептикалық заттарды үнемі қолдануға және екі метр қашықтықты сақтай отырып, қауіпсіздік шараларын қадағалауды ескертті.