Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
15 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

ҰБТ-да оқу жылының төртінші тоқсанындағы тапсырмалар кездеспейді

ҰБТ-да оқу жылының төртінші тоқсанындағы тапсырмалар кездеспейді

ҰБТ-да оқу жылының төртінші тоқсанындағы тапсырмалар кездеспейді
ашық дереккөзі
Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов коронавирус жұқтырған ҰБТ-ны қалай тапсыратынын түсіндірді, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап. «ҰБТ-да оқу жылының төртінші тоқсанындағы тапсырмалар кездеспейді. Жалпы, төртінші тоқсанда балалар өткен материалдарды қайталады. Яғни, бұдан бұрын өткен тақырыптарды тағы бір шолып шықты. Сәйкесінше, жаңа тақырып болмайды. Төтенше жағдай кезінде барлық макеттерді қайта тексердік», - деді Д. Смағұлов Орталық коммуникациялар қызметінде. Сонымен қатар ол ҰБТ кезінде балаларға калькулятор пайдалануға рұқсат етілгенін еске салды. Дегенмен тест тапсырушылар өзімен бірге есептеуіш құралдарды әкеле алмайды. Аудиторияларда әр орынға калькулятор қойылады. Ұлттық тестілеу орталығының директоры өтініштер бойынша тестілеу уақыты тағы 10 минутқа ұзартылғанын, ҰБТ уақыты 4 сағат болатынын атап өтті. Бұдан бұрын хабарланғандай, Дидар Смағұлов биылғы ҰБТ-ны өткізу тәртібі жайында түсінік берді. Карантиндік шектеулерге байланысты елдің барлық аймақтарындағы ҰБТ өткізу орындарында күшейтілген медициналық-санитарлық шаралар енгізіледі. Ғимаратқа кіргізу кезінде тест тапсырушылардың арасындағы екі метрлік арақашықтықты қатаң сақтау арқылы маскалы режим жүзеге асырылады. Әр тест тапсырушы 5 бақылау кезеңінен өтетін болады, оның ішінде сыртқы киімді дезинфекциялық ерітінділермен залалсыздандыратын арнайы дәліз арқылы өту ескерілген.